Әке мен қыздардың арасын ажыраттың! Алтынай Жорабаеваға желідегілер дәл осылай жала жабуда. Сәбит Әбдіхалықпен дәм-тұзы жараспаған әнші, бұрынғы жолдасы мен балаларының қарым-қатынасына ешқашан шектеу қоймағанын айтады.
Алтынай Жорабаева, әнші:
-Желілерде жаңағыдай естіп жатамын. Мен көрсетпей жатыр екен. Қыздармен араластырмай жатыр екен деген нәрселерді. Мен о баста да айтқанмын. Маған десең күнде көріп, араласып, хабарын алып тұр деп. Ары қарай қыздардың өздері қаламай тұр да мысалға.
Аяулым мен Айнара, Семанұр және Көркем. Бұл Алтынай Жорабаеваның қызғалдақтары. Жұлдызды жанұяда дүниеге келген бұрымдылар, бүгінде Сәбит Әбдіхалықовпен ат-құйрығын үзіскен. Әке мен қыздардың қарым-қатынасын жақсарту мақсатында, анасы талай мәрте талпынғанымен, әркетінен түк шықпапты.
Алтынай Жорабаева, әнші:
-Содан айтты, анашым бізді одан сайын напрягать етпеңізші. Біз кездескіміз келмейді деді үлкен қыздарым. Болды. Енді мен не деп айтамын басқа..?! Олардың барлығын күштеп ете алмаймын ғой мен дұрыс па..?
Ал, Алтынай әке мен қыздардың қарым-қатынасы қаз-қалпында қалғанын қалаған.
Алтынай Жорабаева, әнші:
-Ертең менің бетіме басады ғой олар дұрыс па? Сіз айтқансыз кезінде. Кездеспе дегенсіз, жамандағансыз, бір нәрсе деген сияқты мысалға. Есейген кезде, ақыл естері кірген олар бәрібір менің бетіме басады. Ал маған оның керегі не?
Айтпақшы, Айгүл Иманбаева да Сәбит пен ұлының сыйластығына сызат түсірмеуді қалайды. Әбдіхалықовтың алғашқы некесінен туған Асылжан, әкесімен жиі жүздесіп тұрады екен.
Асылжан Сәбитұлы, А. Иманбаеваның ұлы:
-Ол өзі киноға қызығатын адам ғой. Менің де қызығушылықтарым бар. Сол екеуміз бір-бірімізбен әңгімелесеміз көп. Көбінесе сол кино жайында.
Сәбит пен Айгүлдің тұңғышы режиссер мамандығын таңдаған. Алдағы уақытта өнерлі әке мен бала отандық кинонарықта бірлесіп қызмет етуге бекініп отыр.