Мысалы, таныстықтары ауладағы футбол алаңқайынан басталған мына «Мистерионстық» жігіттердің достығы жарасқанымен, олардың жұбайларының өзара қарым-қатынасы мәз емес көрінеді. Қызығы сол, бұл ақпаратты біз Аша Матайдың өз сөзінен естідік...
Бозбала кезден бірлігі жарасқан «Мистериностық» жігіттердің, шоу-бизнеске келгеніне 10 жыл. Бүгінде бойзбенд мүшелері бір-бір үйдің отағасы. Арман Ашаны өмірлік жұбайы етсе, іле-шала Ілияс шаңырақ көтерді, кейін Дильен де арманындағы аруды жолықтырды. Бір қызығы үш достың келіншектері кездеспеген, тіпті бір-бірін танымайды да екен.
Аша Матай, әнші, актриса:
-Расымды айтайын, өтірік айтпай-ақ қояйын мен оларды көрмедім. Шынымды айтайын «Мистерионс» тобындағы Дильен мен Ілиястың, екеуінің жұбайларын көрген емеспін. Білмеймін неге екенін, солай!
Ашаның айтуынша, Дильен мен Ілиястың жұбайлары дін жолында. Сондықтан болар, шоу-бизнестегі сылқыммен тығыз қарым-қатынаста емес. Ал, жігіттер жанұялық жүздесуге жалғыз келеді.
Аша Матай, әнші, актриса:
-Отбасылық кездесу болған кезде олар өздерінің әйелдерінсіз келеді негізі. Білмеймін неге екенін. Ашығын айтқанда араласпайды екенбіз, иә!
«Мистерионстық» серілердің оқиғасы, «Ринго» төрттігін таңырқатқаны рас! Бүгінде топтаға үш жігіт отбасылы. Олар жиі жүздеседі, абысындар да тату-тәтті!
«Rin’Go» тобы:
-Уатсапта енді өздерінің чаттары бар. Сол жерде біз гастрольге кеткенде сөйлесіп, кездесіп сондай кішкентайларымыз ауырып қалған, кезде бір-біріне: «Мынадай дәрі іш, мынаны іш» - деп көмектесіп, сондай бір мәселелерді шешіп, солай бір өзара араласып жүреді.
«Асыл» тобының қыздарының әзірге тек біреуі тұрмыста. Бұл ұжымдағы бикештер, болашақта бажалардың өзара сыйластығын қолдайтын көрінеді.
Ғалия Мұратова, «Асыл» тобының әншісі:
- Араласқан ол дұрыс. Өйткені біз бір-бірімізге әпке-сіңілі болғаннан кейін, енді жолдастарымыз да қасымызда бір-бірін сыйлап, араласып дегендей. Біз өте қуанар едік.
«Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп»! Ал, сыйластық бар жерде, өзара қарым-қатынастың да нығая түсері хақ!