Талай туындыларды таспалап жүрген Нұртас Адамбай болса, кей сәттері өзге режиссерларды түсінбейтінін айтып қалды. Мәселен, ол өзге әріптестері сынды түсірілім алаңындағы наным-сенімдерге мүлде сенбейді екен. Ал, ең ырымшыл киноның өкілі кім? Жауабын тілшіміз біліп көрді.
Фильмді таспаламас бұрын, тәрелкеге бүкіл түсірілім тобының есімін жазып, камера штативіне шағу - киногерлердің ежелден келе жатқан дәстүрі. Егер, ол бірден сынбаса, картина сәтсіз, ал қиындықсыз шағылса лента табысты болады деген сөз. Алайда, бұл нанымға сенбейтін жалғыз режиссер – Нұртас Адамбай.
Нұртас Адамбай, режиссер:
-Біз ешқандай ырымға жүгінбейміз. Сондықтан, түсірілім алдында тәрелке шақпаймыз. Сондай-ақ, өзге киногерлер сияқты «ең соңғы» деудің орнына «ең шеткі» түсірілім күні деп айтпаймыз. Елімізде шағылған тәрелкелер саны өте көп, алайда сапалы картиналар өте аз!
Алайда, Нұртастың өнердегі әріптесі, Данагүл Темірсұлтанова мүлде кереғар пікірде. Майталман акртисаның түсірілім кезіне қатысты өз сенімдері бар.
Данагүл Темірсұлтанова, актриса:
-Әрине кез-келген адам сахнаға шығарда айтарын айтып, бір Аллаға сиынып, дайындалып шығады. Киноға түскенде, енді рөліміз құлап қап жатса, отырып барып алып жатамыз. Біздің жастар түсінбей жатады оны. Не істедіңіз, неге олай жасадыңыз деп сұрайды.
Қалыптасқан нанымға сай, Темірсұлтанованы бұл іс-әрекеті кинокартинаның немесе қойылымның сәтсіз шығуынан құтқарады екен. Құлап қалған сценарий – табысы төмен туындының белгісі.
Гүлназ Жоланова болса, өзін кинлдағы ырымшылдар қатарына қоспайды. Алайда, актрисаның түсірілім алдында орындайтын міндетті әрекеттері бар.
Гүлназ Жоланова, актриса:
- Міндетті түрде телефонымды өшіремін. Ешқандай ақпаратты қабылдамауға тырысамын. Сбебеі, жаңалық көп, ақпарат көп, жақындарың, проблема да көп. Кейде көңіл-күйің өзгеруі мүмкін. Сондықтан, өзімді жабық атмосферада ұстауға тырысамын.