Джулия Робертс, Сальма Хайек пен Пенелопа Круз Торонто фестивалінің қызыл кілемінен табылды. Голливуд жұлдыздары жаңа картиналарын жарнамалауға келген еді. Сонымен, актрисалардың пайымынша, ең таңдаулы туындылар қандай? Тілшіміз толықтырды.
Халықаралық Торонто фестивалі 1976 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Өзге кинобайқауларға қарағанда, бұл жерде қазылар алқасы мүлде жоқ. Ең үздіктерді, халық дауыс беру арқылы таңдайды.
Ал, аталмыш фестивальде Роберт Паттинсон, Джулия Робертс, Пенелопа Круз сынды атақтылар, көрермен ықыласын жаңа туындыларымен жаулауға ниетті. Айтулы шарада «Ымырт» сагасының жарық жұлдызы, енді «Жоғарыдағы өмір» картинасын ел назарына ұсынбақ.
Роберт Паттинсон, актер:
-Аздап қобалжудамын. Себебі, картинада мен мүлде жаңа образда болмақпын.
Кинофестивальде үрейлі картинаға да орын бар! Дэвид Гордан Грин «Хэллоуин» хоррорынының тұсуын кесті. Қорқынышты лента, ең алғаш 1978 жылы жарық көрген фильмнің жалғасы болып саналады.
Джейми Ли Кёртис, актриса:
-Сенесіздер ме, мен ешқашан Торронто киносайысына келіп көрмегем. Енді, міне мен басты рөлді сомдаған лентаның премьерасын өткіздік. Бұл менің 60 жасыма керемет сыйлық.
Ал, Торонтода төселген қызыл кілеммен жүріп өту - Роберт Редфордтың киномансабындағы ең ақырғы шеруі болмақ. Майталман актер өзі соңғы рөлін сомдаған «Қария және қару» картинасын ел назарына ұсынды.
Еске салсақ, Редфорд өзінің дебюттық картинасымен Оскар жүлдесін «үздік режиссер» ретінде алған санаулы жандардың бірі.
Сисси Спейсек, актриса:
-Роберт талай тамаша туындыларды дүниеге әкелді, жас киногерлердің жолын ашты. Аталмыш ақырғы лента, киногердің мансабындағы соңғы естелігі іспеттес.