Динара Сұлтан әлеуметтік желіде оқырмандарымен ашық айқасатын әріптестерінің қылығын түсіне алмай әлек. Әншінің инстаграмдағы әр посты, тек алғыс пен жағымды жазбаларға толы. Мұндай сабырдың сыры неде? Сылқымның өзінен сұрап көрдік!
«Жасандылықты жаным сүймейді» - дейді Динара Сұлтан. Өмірінің әрдайым қызықты сәттерін желіге жүктеп, оқырмандарына позитивке толы көңіл-күй сыйлайтын әнші, посттарым көпшіліктің кәдесіне жараса деген ниетте.
Динара Сұлтан, әнші:
-Менің посттарым негізі шын жүректен шығатын посттар. Өмір туралы, бала-шаға туралы, жанұя туралы посттарды көп жазғанды ұнатамын. Және де көп талқыға түсіп жатады. Сөйлесіп бір-бірімен.
Динараның парақшасы пікірталасқа толы болғанымен, бір қызығы жағымсыз жазбалар жоқтың қасы. Бикештің кеңестерін сарыла күтетін аудиторияның басым бөлігі – қыз-келіншектер қауымы. Бес баланың анасы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, мінсіз мүсін қалыптастырудың құпиясын ашады.
Динара Сұлтан, әнші:
-Бірақ ең бастысы менің парақшамда жаман нәрселер жазылмайды. Жағымсыз пікірлер жазылмайды. Мүмкін мен олардың олай жазуына итермелемейтін шығармын. Сондықтан жай ғана жұмсақ етіп жазғым келеді.
Сондай-ақ, ғаламтор қолданушыларының Мәдинаға деген махаббаты да ерекше. Сәдуақасованың әр жазбасы 2,5 миллионға жуық оқырманға тарайды. Пікір білдірушілердің басым көпшілігі, әнші бикештің жанұясына тілеуқор!
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
-Халық өзімді, менің жеке өмірімді, Әнуарды біліп тұрады. Жолдасымды сұрап тұрады. Неге теледидарға, инстаграмға көп шықпайды... Әрине, пікірлерге де жауап бергің келеді. Сөйлескің келеді. Тіпті кейде арнағың келеді бір уақытты.