«Жаңа толқын» байқауында отандастарымыздың жүлде алмағыны өкінішті. Алайда, қуантатын жаңалықтар да бар. Себебі, әлемге әйгілі «Нотр-Дам де Пари» француз мюзиклі енді қазақша қойылмақ. Сыған қызы Эсмеральданың хикаясын, енді ана тілімізде сахналау үшін, талантты өнер иелеріне Алматыда кастинг өтті.
Виктор Гюгоның романының желісімен қойылып жүрген «Нотр-Дам де Пари» мюзиклін, қазақ елі 10-шы мемлекет болып өз тіліне аудармақ. 1998 жылы ең алғаш Париж қаласында сахналанған туынды, Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Олжас Ибраев, «АСТАНА МЮЗИКЛ» театрының өкілі:
Ең ерекшелігі бұл мюзиклді біз өз тілімізде қоямыз. +08:06:07 Мюзикл біздерге жат дүние емес деп ойлаймын, өйткені біздің бойымызда, ән айту билеу де біздің бойымызда бар.
Астана мен Алматы қаласында өткен кастингте, көрші мемлекеттен келген үміткерлер де бақтарын сынауда. Себебі ауқымды қойылымға 70-тен аса актер жұмылдырылмақ. Ал басты кейіпкер Эсмеральданың рөлі кімге бұйырады екен?
Ләйлә Темірхан, актриса:
Мен Эсмеральданың ролінде өзімді көрдім. Бұл жерде мюзикл болғаннан кейін, ең бірінші әртіске қойылатын талап ол – вокалдық жағынан себебі әндер оңай емес. Сонымен қоса актерлік шеберлік болу керек. Кім өтсе де бұл қазақ баласы ойнағаннан кейін, бәріміз үшін қуаныш.
Кастингке қатысушылардың өнерін бағамдаған хореграф Сиязбек Уалитбек үшін, бұл қойылымға үлес қосу - үлкен мәртебе. Алайда, бишілердің шеберлігі оны тәнті ете алмапты.
Сиязбек Уалитбек, «АСТАНА МЮЗИКЛ» мемлекеттік театрының хореографы:
Бишілер физикалық түрде өте мықты болу керек. Техникалық базасы жақсы болу керек. Одан кейін эмоционалды түрде, психологиялық түрде дайын болу керек.
Ал кастингтің соңғы нүктесін француз елінен келген мюзикл авторлары қояды. Ал «Нотр-Дам де Пари», қазақ көрермендеріне желтоқсан айында ұсынылады деп күтілуде.