Жыл сайын өтетін «КітапФест» жобасы, биыл да заманауи жазушылардың үздігін анықтады. Таңдамалы туындылары сұрыпталған сайыста Баян Алагөзова мен Ләйлә Сұлтанқызының еңбегі ақтық сынға жолдама алған. Нәтижесінде атышулы продюсер - жеңімпаз!
«Кітапфест» жобасы 2018-ші жылы ең көп сатылған туындылар арасында өзара сайыс ұйымдастырған. Жұрттың қызығушылығын оятқан прозалық еңбектердің ішінде, үздік деп танылған Баян Алагөзованың автобиографиясы екен. Жеке өмірін бір жинаққа топтастырған продюсердің, оқырмандар талғамына қатысты пікірі мынадай...
Баян Алагөзова, продюсер:
Танымал адамдардың жеке өмірі әр кезеңде де оқырмандарды қызықтырып келген және әрдайым солай болады да. Бұл әлемдік тәжірибеде де бар. Мысалы, маған да жаһанға аты мәшһүр жұлдыздардың жеке өмірін оқыған ұнайды. Қазір ғаламтор заманында кітап оқитын адамдардың барына шүкір деуіміз керек сияқты.
Мәртебелі үздік үштікте Ләйлә Сұлтанқызының да еңбегі бар. Нәзік жандылардың өткен өмірін баяндайтын «Әйел» кітабы, дүкен сөрелерінде ұзақ тұрмайды екен.
Ләйлә Сұлтанқызы, журналист:
Автобиогориялық кітаптың мүмкін бізде болмағандықтан шығар. Біз де өзіміздің қаракөз қыздар, олардың басынан өткендері. Бірінікі мотвациялық болса, бірінікі қайғы мен қуанышы қатар орналасқаннан кейін шығар деп ойлаймын өз басым.
Ләйлә ханымның кезекті кітабы, шет елдегі қазақ қыздарының көрген қиындығына қатысты болмақ. Ал, алғашқы жұмысы көптің қызығушылығын оятқан Баян Алагөзованың қайтара қалам тербеу әзірге ойында жоқ.
Баян Алагөзова, продюсер:
Идея жоқ! Келесі кітап болса, алпысқа келсем бұйырса жазамын, иә!
Ал, «Кітапфест» шарасы авторлардың үздігін анықтап, кіл мықтыларды сараптауды келер жылы да жалғастырмақ ниетте!