Бес күнге созылған «Жаңа» толқын-2018» байқауы да өз мәресіне жетті. Осы жылы ел намысын қорғаған Мадияр Жүнісовке, өкінішке орай сәттілік серік болмаған сыңайлы.
Сочиде өткен жас орындаушылар додасында, 10 елдің 15-ке жуық әншілері бақ сынаған. Байқау талабы бойынша: алғашқы айналымда әлемдік хиттер шырқалса, екінші кезеңде әр конкурсант өз елінің әнін орындап, соңғы турда бұрын-соңды айтылмаған тың тректердің тұсауы кесілді. Нәтижесінде үшінші орын грециялық үміткерге бұйырса, күміс жүлдені ресейлік өнерпаз бен армениялық әнші өзара бөлісті. «Жаңа толқынның» биылғы жеңімпазы - Ресейден келген Дан Розин есімді дарынды жігіт...
Қазақстаның атынан аттанған Мадияр, жалпы есепте алтыншы орынды қанағат тұтты. Ал, халықаралық байқауға арнайы қонақ ретінде шақырылған Димаш Құдайберген, музыкалық шараның жабылу салтанатында өнер көрсетті.