«Найнти уандық» мемберлер топтан тыс өнер көрсетпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл уикенд ұзаққа дейін барша иглздың есінен кете қоймас! Q-pop бағытын дүниеге әкелген «Найнти уан» ұжымы, 3 жылдығын дүркірете атап өтті. Айтулы күн өзге де тосын жайттардан кенде емес. Мысалы, топ жетекшісі Ерболат Беделханның сөзінше, мемберлер үзіліс жасап, жекелей шығармашылыққа бетбұруы мүмкін екен.

«Найнти уандықтар» осыдан үш жыл бұрын қазақ эстрадасына жат әрі жаңа q-pop бағытын дүниеге әкелген еді. Содан бері, талай тосқауылға қарамастан, өзімізді мойындата білдік дейді мемберлер. Мәселен, бұрын топтың әрбір кеші дау-дамаймен аяқталса, биыл елдің барлық өңіріне жасаған «91-дің» турнесі сәтті шығып, соңғы нүктесі Алматы қаласында қойылды.

Алайда, «Найнти уан» бұл жеңіспен тоқтап қалмақ емес. Топтың иглзға ұсынар жаңалығы жетерлік. Мәселен:

Ерболат Беделхан, «Ninety one» тобының продюсері:

-Келесі жылы бұйыртса, мүмкін олар жеке дебют алатын шығар. Егерде «Найнти уан» тобы ретінде шетелге шығып кетпесек... Қазақстанда болып жатсақ біз балаларды жеке-жеке шығаруға тырысамыз. Демек, топтың өзі бір-екі жылға пауза алады, акцент жеке өнеріне қойылады.

Одан бөлек, «Найнти уандықтардың» жеке өмірі күллі иглзды алаңдатуда. Соңғы кездері Эйзидің махаббатты жиі сөз қылуы, оның күйеу бала атануға дайындалып жүргенін білдірмейді ме?

A.Z. «Ninety one» тобының мембері:

-Ондай нәрселерге дайын емеспін де. Мен жай ғана жақында өз жанкүйерлеріме ашылған болатынмын. Менің қызым бар деп. Сосын, енді сол сәтті пайдалану керек қой. Мен сол қызға арнадым деген сөз емес.

Айтпақшы, айтулы кешке Эйзидің сүйіктісі де келген еді. Одан бөлек, «Найнти уанды» қолдаушылар қатарынан «Мэдмэн» мен «Ньютон» ұжымы табылса, шараның ең қадірлі қонағы – мемберлердің ет жақындары болды.

Алайда, кью-поп орындаушылар үшін қозғаушы күш, әрі басты мейман – қашан да иглз болып қала бермек.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

-Сіз, найнти уанның жанкүйерісіз бе?

-Иә, иглзбын.

-Ал, сүйікті әніңіз қандай?

– «Аяма»

-Ал, қанша уақыт болды әндерін тыңдап жүргеніңізге? Бұрыннан ба?

– Біз семьямызбен, қызымыздың арқасында әндерін тыңдап жүрміз.

-Қыздар, үстілеріңдегі киімге қарағанда, бүгінгі кешке әбден дайындалып келген сияқтысыздар.

-Иә.

- Ал, мына қолыңыздағы гүлдер кімге арналған?

– «Найнти уандағы» 5 мемберге, 5 роза. Сол әр мемберге бір розадан арнап алғанбыз.

-Яғни барлығына беремін дейсіздер ғой?

-Иә.

-Олай болса, сәттілік!

-Рахмет!