Дәл осындай жарасымды жұптардан соң, жар таңдау тақырыбына ойыссақ! Мәселен, мен жұбайыммен алғашқыда анамның қалауымен танысып, кездескеннен кейін сезімімнің селт еткенін байқадым. Қателесіппін! Сәкен Майғазиев те ұлына қалыңдықты өзі таңдап бермек екен.
Әділет – Сәкен Майғазиевтің тұла бойы тұңғышы! 20-дан асқан жігіт бүгінде университет қабырғасында білім алып жүр. Дәл қазіргі таңда көңіл жарастырып жүрген сүйіктісі жоқ. Өйткені, жар таңдау мәселесін ата-анасына тапсырғанын айтады.
Әділет Майғазы, С. Майғазиевтің ұлы:
-Әке-шешемнің сөзі мен үшін заң! Кез-келген уақытта келін дайын десе, біз дайынбыз. Біздің отбасымызда сондай. Әкем таңдаса мен ешқандай қарсылық білдірмеймін.
Айтпақшы, Төреғали де анасының талғамына жүгінгенін жасырмайды. Ұлы дала баласы үйлену тойын 25 жасында дүркіретіп өткізгенімен, 22-ге толған шағында жұбайы Толқынды жары еткені ел есінде.
Төреғали Төреәлі, әнші:
-Кішкентайымнан анам айтатын. Балам, 25-ке келіп үйленесің деп. Ақылыңды тоқтатып, оң мен солыңа қарап деген. Бірақ, 22 жасымда келінін көрді де, үйленсең де, үйленбесең де үйленесің деп үйлендіріп жіберген анам еді негізі.
«Алау» тобындағы Әсет үшін бұл тақырып тым таңсық! Әнші болашақ жұбайын, өзінің жүрек қалауымен жолықтырғысы келеді. Серінің бұл ұстанымын әкесі мен анасы да қос қолдап қоштайды екен.
Әсет Арыстанбек, «Алау» тобының әншісі:
-Маған ата-анам да айтады. Сен таңдасаң, соған көнеміз деп. Өйткені тұратын мен, өмір сүретін мен. Сондықтан солай!
Бұл өмірде ең маңызды екі нәрсе, таныта көрме сараңдық! Ол өмірлік жар таңдау мен нан тауып жеу мамандық!