Жұлдызды хореограф танымал қыздарды сынады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тек жұлдыздарға ғана бидің қыр-сырын үйрететін хореограф Дос Усабаев, шоу-бизнес өкілдерін сынап тастады. Пайымдауынша, шетелдік әріптестеріне қарағанда, олар биді өнер ретінде бағаламайды. Дос мырзаның ашуына тиген кім?

Дос Усабаев батыл, әрі заманауи қойылымдарымен танылған кәсіби маман. Десек те хореограф, Қазақстанда би өнерін жаңа деңгейге көтеру үшін біраз тер тогу керектігін айтады.

Дос Усабаев, хореограф:

-Әнге көп мағына береді да, биді тек қана сән ретінде көреді. Шоу ретінде көре ме білмеймін. Сондықтан, деңгей төмен деп айта аламын.

Дос, бидің қыр-сырын шебер меңгерген жұлдыздардың бірі Камшат Жолдыбаева, дейді. Хореграф әнші арудың еңбекқорлығы мен талантына тәнті.

Дос Усабаев,хореограф:

-Жұмыс істегенде өзін жүз пайызға беріліп, жұмыс деген адам, ол ішінде-Камшат. Биге де әнге де постановка болса, барлығына өзін, 100 пайызға беріп, жұмыс істейтін әртіс. Онымен жұмыс істеуден мен тек қана ләззат алатынмын.

Дегенмен, хореграфтың алдына биге мүлдем икемі келмейтін жұлдыздар да келеді екен.

Дос Усабаев, хореограф:

-Ең қиыны маған «Turkiss» группасы болған. Өйткені ол қыздар оң мен солды ажырата алмайтын. Сондықтан, бізге кішкене қиынырақ болды.

Хореограф жұлдыздар сахнада тек ән айтумен шектелмей, болашақта нағыз шоу жасайтын деңгейге жету керектігін алға тартады.