Тұсауы енді кесілетін картиналарды таспалау барысында талай қызықтар орын алған шығар. Біз бүгін түсірілім мен сұхбат сәтінде жұлдыздардың басынан өткен жайттарын жинастырдық. Толық нұсқасын дәл қазір «Кадрдан тыс» айдарынан көріңіз!
Қонарованың көңіл-күйі жақсы болса, ағынан жарылуға әзір. Ал, тосыннан танысын көріп қалса, камера да, сұхбат та жайына қалады.
Алуа Қонарова, продюсер:
-Привет! Я поздравляю!
Ал, журналистің сауалын ден қойып тыңдап, енді жауап беруге оқталғанда, ойыңды өзге біреудің бөліп жібергені қандай жаман...
Аша Матай, әнші, актриса:
-Аса қолдана бермейсің ғой. Ол рас... Мен өзім түсінбей қалдым ғой. Кипишь болып кетті ғой.
Кейбір сәтте жұлдыздар бір-біріне мүлдем сөйлеуге мүмкіндік бермейді.
Ендігі кезек «Ревю» жүргізушілерінде. Мәселен, түсірілім барысында Нұрсұлтан Есжанға қиын сөздер кездессе, аздап ашуға берілетіні бар.
Ал, кейбір сәттерде тілшілердің жазған мәтіні, тележүргізушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Кейде Катя мен Бауыржанның көрермендермен қоштаса алмай, әбден әбігерге түсетініне де куә боламыз! Осымен соңғы эфир тәмам! Жаңа маусымда жүздескенше! Күліп жүрейік!