Күні кеше арнамыз арқылы иглзға жол тартқан «Найнти уанның» су жаңа бейнебаяны жақсы қаралым жинауда. Мемберлер бұл телемаусым бойы НТК-мен бірлесе, талай тың туындының тұсауын кесті. Жігіттер жанкүйерлерін енді қандай жобамен қуантпақ?
«Қараңғы жарық» үнтаспасының тұсауын кесіп, турнеге аттанған Найнти уан көрермен ықыласынан тыс қалмады. Қазақстан қалаларында ат басын бұрған мемберлердің әнсапары, арна назарында еді.
Кейіннен, «Найнти уандықтардың» өмірін баяндайтын толықметражды туындының жарыққа шығуы, иглздың қуанышын еселей түскені бар. Бұл жағымды жаңалықтың жаршысы да, «Ревю» болды.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- 90%-ы бұл шынайы болған оқиғалардан құрылған. Сондықтан да, әрине көкркем фильм болғананан кейін кейбір заттарды ақырынырақ көрсетіп, кейбір заттарды керісінше.
Ал, фильмнен кейін ізін ала, кью-поп орындаушылар «Қағаз кеме» сериалының түсірліміне кірісті. Туынды, еліміздегі алғашқы музыкалық телехикая ретінде есте қалмақ.
Алайда, «Найнти уандықтардың» ұсынары мұнымен шектелмеді. Жанашылдыққа жаны құмар мемберлер, ізін ала «91 ТВ» реалити шоуын ұсынды. Жігіттер жоба үшін арнайы Кореяға аттанып, алған әсерлерімен алғаш болып «Ревю» көрермендерімен бөліскен еді.
«Ninety one» тобы:
-Ұқсастықтарымыз өте көп екен. Қаншалықты көп айырмашылықтар болса, соншалықты көп ұқсастықтарымыз бар екен Корей халқымен. Себебі, өте қонақжай халық. Бізді өте жақсы қарсы алды.
Шығармашылықтан бөлек, кью-поп орындаушылардың қуанышты сәттерінде де НТК иглзбен бірге олардың жанынан табылды.
«Найнти уан» мен НТК-ның ұсынары мұнымен таусылмақ емес! Көп ұзамай, жаңа телемаусымда «Қарабері» жобасы жарық көрмек! Сондықтан, иглз қапы қалмаңыздар!