Майкл Джексон енді мұражайда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Поп-музыка патшасы- Майкл Джексонның, Лондон қаласында өз мұражайы ашылды. Атақты суретшілер әйгілі музыканттың түрлі фотопортреттерін ұсынған. Сонымен қатар, әншінің сахналық образдары, өнер үйінің көркін аша түскендей.

Майкл Джексонның түрлі фотосуреттерімен жасалған көрмеге, Энди Уорхол, Майкл Гитт есімді танымал суретшілер өз үлестерін қосқан. Көрмеден әйгілі поп-музыка патшасының, ержүрек батыр кейпіндегі порттері де табылады.

Майкл Гитт, суретші:

-Танымал музыкантты біз әр түрлі қырынан көрсеткіміз келді. Бұл көрменің ерекшелігі де осыда.

Америкалық рэпер Дрейк те Майкл Джексонды еске алуда. Музыкант өзінің «Шаян» атты бесінші үнтаспасына, әйгілі орындаушының жарыққа шықпай қалған «Don't Matter To Me» трегін қосылып орындаған екен. Жаңадан жарық көрген Дрейктің альбомына 25 трек топтастырылған.

***

Ал, Кэти Холмс поп-падишасын ойлайтын күйде емес. Әйгілі актриса, сүйіктісі Джейми Фокспен ат құйрығын үзіскенін жасырып әлек. Шетелдік БАҚ беттері қос жұлдыздың арасы суығанын жарыса жазған соң, Кэтидің менеджелері, өнерпаздың атынан «бұл жалған ақпарат» деп түсінік берген еді. Ел аузында, Голливудтық ғашықтардың 5 жыл бойы жасырын кездесіп келгені айтылады.