«Хайп» пен «лайк» жина, немесе нағыз дарын иесі бол! Өнер жұлдыздары халықтың оң бағасын иелену үшін, қандай қадамға бару керектігін айтып қалды. Мәселен, Алтынай Жолдыбаева ел естімеген ерсілеу істерге, көпшіліктің өзі итермелейді деген пікірде.
«Кешьюлік» қыздар, халықтың ыстық ықыласы үшін жарғақ құлағын жастыққа тигізбей, шығармашылығына кірісуге әзір. Алайда, арулар көрермен назарында, ел аузында жүргің келсе, адал еңбек аздық етеді дейді.
«Кешью» тобы:
-Қазіргі таңда көбісі подписчикке де қарайды, хайпқа да қарайды, бәріне де қарайды. Дәл қазіргі уақыт сондай заман болып тұрған сияқты, біздің Қазақстанда. Ол бәріне белгілі біз айтпасақ та.
Ал, «Джейрандық» ару Алтынай Жолдыбаеваның бұл тақырыпқа қатысты көзқарасы бөлек.
Алтынай Жолдыбаева, «Джейран» тобының әншісі:
-Қазір топталған әншілердің қатары жоқ. Қазір әркім ерекшеленуге тырысып жатыр. Мен ойлаймын халық сол ерекшелікті, өзгешелікті жақсы көреді.
Сондықтан да, Алтынай ашық-шашық образдарымен ел есінде қалмақ ниетте. Бұл, халықтың қалауы дейді ол.
Кейбір танымалдар, қалың бұқараның жүрегіне игі қасиеттер арқылы жетуді қалаймыз дейді.
Сара Амангелді, әнші:
-Біздің халық қарапайым ғой. Сондықтан, біздің халқымыз қарапайымдықты жақсы көреді. Қай жерден шықпадың, оны ұмытпауымыз керек.
Шәріп Серік, актер:
-Менің ойымша адамгершілігі. Қандай миллиондаған подписчигі болмаса да, адамгершілігі болмаса, сенімен ешқандай режисер да, продюсер де жұмыс істегісі келмейді.