Отандық шоу-бизнеске кью-поп ұғымы кенже қосылса да, жеткен жетістіктері мен жанжалдары жұртты елең еткізбей қоймады. Сонымен, соңғы уақытта қазақ поп музыкасында нендей өзгерістер орын алды?! «Ревю», осы маусымды қорытындылауға кіріспек...
Биылғы жыл «Блэк дайл» үшін жанжалмен басталды. Бойзбенд қос рэпермен қоштасып, Есболат аталмыш топтың триоға айналғанын айтқан еді. Ал, ұжымда болған оқыс өзгерісті продюсер былайша түсіндірді.
Есболат Беделхан, продюсер:
-Жұлдыз ауруымен ауырған кісі сезбейді өзін. Және де мойындамайды. Сыртынан көрініп тұрады. Бірақ жұмыстың аты жұмыс. Егер лайықты болмаса, адам кету керек. Және де біздің жобамыз жалғасу керек. Тек қана мықты болуы керек.
«Black Dial» тобы:
-Біз продюсерлеріміз қабылдаған шешімді қолдаймыз. Біздің нақты мақсатымыз алға қарай ұмтылу. Осы істі басынан алғаннан кейін, аяғына дейін жеткізу.
Бастапқыда, кіші Беделхан тосыннан топтан кеткен жігіттерден 96 миллион теңге талап еткен еді. Алайда, «Е-кью» тобын құрған «Блэк дайлдың» экс-мүшелері, қос тараптың татуласқанын хабарлаған-ды!
«EQ» тобы:
-Біз ешкімге ештеңе төлемейміз. Себебі, бұл түсініспеушілікті, өзара келіспеушілікті шешіп тастадық. Уайымдамаңыздар, қам жемеңіздер. Бәрі жақсы, бәрі керемет!
2018-дің басында «Ньютон» тобы да аяқ асты төртікке айналды. Бойзбендтің рэп орындаушысы, жеке шығармашылығын шыңдауды жөн деп шешкен.
«Newton» тобы:
-Ол өзін сольный артист ретінде көбірек көрді деуге болады. Сондай шешім қабылдап, біздерге түсіндірді. Біздер оны қабылдап, қолдадық.
Ал, «Мунлайт» тобының төрт көзі түгел. Бірақ, бұл ұжым осыдан бірнеше ай бұрын басшыларымен қоштасып, продюсерсіз еңбек етуге бел буған еді.
«Moonlight» тобы:
-Енді, қазір біз өзіміз тырысып жатырмыз. Жан-жақтан бесеуіміз, әрқайсымыз бір заттарға жауап беруге. Ол өте қиын!
Ал, қазақ поп музыкасының көшіне продюсер Назгүл Қарабалина қосқан «Уайт Уэй» және «Ою» гелзбендтері өз жұмысын тоқтатса, «Мэдмэн» бойзбенді, Зируза және «Найнти уан» бестігі отандық шоу-бизнесте аянбай тер төгіп жүр.