Тез танылу бір бөлек, алайда ұтымды пиар арқылы халықтың қошеметіне бөлену қиынның қиын-ақ! Бірақ, бұл тәсілді Қайрат Нұртастың командасы мықтап меңгерген. Тың идея қалай туындайды? Хитменнің отбасы тез танылудың жолдарын айтты.
Қайраттың жұлдызды жолы, халықтың жүрегін хиттерімен баураудан басталған. Кейін 10 жыл жасырған жұбайын жұртқа таныстырып, ел қызығушылығы еселене түсті. Жаңалыққа жаны құмар Айдарбековтер жанұясы, осылайша отандық кинонарықтың көшіне Жұлдыз Әбдікәрімова есімді актрисаны қосты.
Жұлдыз Әбдікәрімова, Қ. Нұртастың жұбайы, актриса:
-Өзімнің ортамда, таныстарым болсын, мектепте мұғалімдер болсын, сол кісілердің ойлары маған оң. Тілектері оң. Олар жақсы баға беріп жатыр. Ал өнерде араласатын құрбыларым, таныстарым да бар. Енді, арасында сынап жатқандары да бар. Ол да дұрыс шығар.
Өткен жылдың күзінде келінін көрсетіп, араға алты ай салып төрт немересін халыққа таныстыру Гүлзира Айдарбекованың идеясынан туындаған екен.
Қайрат Нұртас, әнші:
-Осы уақытқа дейін анамның айтқанымен жүрмін. Себебі, ол кісі менен көпті көрген. Екіншіден маған жанашыр жан - менің анам. Ешқашан жамандық ойлаймайды. Сондықтан, бірден келісім бердім.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
-Сіз осыны баяғыда жоспарлап қойғансыз ба деп айтады да. Кейде ойлап отырамын, ешкімге жасаған жамандығым жоқ, ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын. Сосын да, Құдай әйтеуір дегенімнің барлығын, болдырып тұратын шығар. Аяқ астынан кейде идеялар туып жатады. Соларды жасап отырамын. Бірақ, барлығы өз дегеніне жетеді.
Иә, Қайрат пен інісі Заңғар шырқаған шет тілдегі ән де - трендтегі тректердің тізімінде. Ағайындылардың жаңа жұмысын мақтағандар да, даттағандар да жетерлік. Десек те, пысық продюсер дегеніне жетті. Бүгінде кенже ұлы әйгілі ағасының ізімен жүріп келеді.
Заңғар Нұртасұлы, Қ. Нұртастың інісі:
-Қазақша-ағылшынша ән. Бұл ағамның өнерінде ерекше ән болды деп ойлаймын. Өйткені, басқа стилде, басқа форматта...