Қазақ эстрадасындағы әншілер, енді біртіндеп режиссер және актер атануда. Шоу-бизнес өкілдерінің, жаппай кино әлеміне бет бұрыс жасағаны дұрыс па? Өнер өкілдерінің өз ойларын, тілшіміз тыңдап қайтқан болатын.
Кішкентай кезінен актриса болуды армандаған Алтынай Жолдыбаева, бүгінде кішігірім рөлдерімен тәжірбиесін толықтыруда. Әнші қыз болашақта фильм түсірсем, тек өз ісін білетін мамандардың көмегіне жүгінемін дейді.
Алтынай Жолдыбаева, «JayRun» тобының әншісі:
-Бәрі әрине финансы, ақшаға келіп тоқтайды. Қазақ елінің менталитетін, міндетті түрде көңілге алатын едім. Меніңше соны ойластыра отырып, профессионалдармен жұмыс жасайтын болсақ, әдемі дүние шығаруға болар еді.
Ал, актер Шәріп Серік пен әнші Кентал үшін, өзі бетімен фильм таспалауды – жүгі ауыр жауапты іс.
Шәріп Серік, актер:
-Оның бәрі опыт қой. Өзінің бір басынан өткен бір тәжірбиесі. Білмеймін енді болашақта, ондай болса оны көре жатармыз.
Кентал, әнші:
-Білмеймін енді мен, кино түсірсем көре жатармыз. Актер ретінде маған жеткілікті.
«Қазақша Бизнес» фильмінің режиссері – Женісхан Момышев, сапалы дүние жасауға тәжірбием жеткілікті дейді. Көрермені таңқалдыру үшін, ол щоу-бизнестегі әріптестерінің кино әлеміне бет бұрғанын құп көреді.
Жеңісхан Момышев, режиссёр:
-Енді, өмір бақи секеңдеп, өлең айтып жүре бермейсің ғой. Бір жағынан режиссёр болып, шығып жатқаны да сол шығар. Мысалы, болашақта кинолар түсіріп. Шетелде, әнші ол актер, актер ол әнші, мұғалім, продюсер, режиссер.
Талантты, сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамын халықтың өзі сұрыптап алмақ. Өзгелердің қабілетін әркез сынға салып, елге ұнасам дегені – қалыпты үрдіс.