Ким Кардашьян селфи жасаудан неге мүлдем бас тартты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ким Кардашьян өзінің суреттеріннің арқасында инстаграм әлемнінің жұлдызына айналды. Тіпті, танымал сылқым кезінде, сәнді фото жасау туралы өз кеңестерімен бөлісіп жүретін. Алайда, Ким үшін енді селфи жасау сәннен қалған.

2015 жылы Ким, өзінің селфи-альбомын жасап шығарып, суретке түсудің құпияларымен бөлісу арқылы пайда тапқан еді. Кардашьян, қазір өз-өзіңді фотоға түсіру сәннен мүлдем қалды, одан да уақыт үнемдегенім дұрыс дегенді алға тартады.

***

Сандра Буллок - Голливудтағы танымал актрисалардың бірі. «Оскар» марапатының иегері атанған жұлдыз, ұсынған рөлдерін мұқият таңдайтын болып шешкен. Енді ашық-шашық сахналардан бас тартамын, өзімді ерсі сахналардан көргенді қаламаймын, дейді Сандра.

***

Ал, актриса Эми Адамс – енді, телехикаяның басты кейіпкері. Танымал жұлдыз «Өткір зат» атты туындының тұсауын, Лос-Анджелес қаласында кесті.

Эми Адамс, актриса:

-Біз өмірде батыл әрекеттерді тек ер азаматтар жасайды деп ойлаймыз. Алайда, нәзік жандылар да осал емес. Телехикаяда сіз, әйел затының да ерлігін көре аласыз.

Аталмыш лентада, Эми қауіпті қылмыскердің қолына түскен кішкентай қыздарды, іздеуге аттанған корреспондентті сомдайды.