Құрамы жиі ауысатын «Кешьюге» қазір көпшіліктің көңілі толмайтын көрінеді. Тыңдармандардың ендігі тілегі, топты тарқату. Өйткені ұжымдағы өзгерістен шаршаған жұрт, оларды бұрынғы әншілерімен салыстырады. Ал, аталмыш гелзбендтің экс-мүшелері бұл сынға не дейді?!
Баян басқаратын ұжымға бағытталған, кереғар пікірлердің легі осындай. Жаңа құрамға көңілі толмаған көпшілік, топ тоқыруға тап болды деп топшылайды. Кезінде атышулы гелзбендте ән салған бикештерден, мұндай сынның пайда болуы себебін сұрап көрген едік.
Жұлдыз Өмірғали, әнші:
-Мүмкін қазіргі қыздар тым жас. Мүмкін жұмысқа деген көзқарастары жеңілдеу болар. Жауапкершілігі жағы... Мүмкін сол жағы минусы шығар.
Айдана Меденова, әнші:
-Себептері, өте көп деп ойлаймын. Енді, ол продюсерлердің жұмысы шығар. Кейде құлау болады, кейде ол енді... Табиғаттың заңы ғой. Кейде былай, кейде былай...
Ал, «алтын құрам» саналған топ мүшелері, тыңдармандар тарапынан айтылған сынға қалай қарайды? «Кешьюдің» экс-әншілері, өздері түлеп ұшқан ұжымның шығармашылығын қаншалықты бақылап отырады?
Кәмшат Жолдыбаева, әнші:
-Қай «Кешью» болмасын, әр толқынның өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан, қазіргі келген қыздар жастарға арналған топ деп білемін. Олардың стилистикасы да сондай. Салыстыру қашанда болады. Біз келген кезде, бізді де салыстырды алдыңғы топпен. Сондықтан да, ол тоқтамайды және де жақсы.
Жанар Дұғалова, әнші:
-Жаңа әндерін естіп жатамын. Еңбектерін бағалап жатамын. Маған өте ұнайды. Музыкалары да. Енді, кәсіби мамандардың қадғалауымен жүріп жатқан, талай жыл келе жатқан топ. Сондықтан да, оларға тек сәттілік тілеймін.
Әпкелерінің ізін басып, алтын құрамнан оң бағасын алған «Кешьюдің» қазіргі бұрымдылары, келешекте де топ жұмысын жандандыра бермек.
Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:
-Біздің продюсерлердің идеялары таусылған жоқ. Төзімдері, шыдамдары мықты болып тұр. Сондықтан жалғастыра береміз!