Тойға шақырар қонақ көп, тек орын шектеулі! Пэрис Хилтон меймандар мәселесін, тікелей эфир арқылы шешпек. Әнші, үйлену тойына келе алмайтын алыс туыстары мен жанкүйерлеріне осылайша сый жасауға бел буған.
Крис Зилкамен сөз байласқан Пэрис, қазіргі таңда үйлену салтанатының дайындығына белсене кірісіп кеткен. Әнші, ұлан асыр тойының трансляциясын АҚШ телеарналарының біріне сатып, жанкүйерлеріне бұл кешті тікелей эфирде көру мүмкіндігін сыйламақ. Ал, өміріндегі ең маңызды күнін, Пэрис 2018 жылдың 11-ші қарашасында, Беверли-Хиллзда мерекелейді.
***
Роналду болса, өзінің сүйіктісі Джорджина Родригеске ұсыныс жасаған екен. Сылқым сәті түсе қалса, өзінің неке жүзігін көрсетіп мақтанудан да қашпайды. Қазір ол, әйгілі аяқдопшы әрі ғашығы Криштианоны, Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында қолдауға келген. Жаһандық футбол додасы аяқталған соң, екеуі бірден тойдың дайындығына кіріспек.
***
Ал, әнші Селена Гоместің анасы, өзіне адал күйеу бала іздеуде. Мэнди Корнетт тіпті, ханшайымына қандай азамат керек екенін нақтылап сипаттаған. Қызына лайықты жар атануы үшін, жігіттің ең бастысы отбасылық өмірге дайын болуы қажет екен. Мэнди ханым өз қалауын жария еткенімен, Селенаның бар ойы әлі де экс-ғашығы Джастинде деседі.