Кезінде «Кешьюде» ән салған Ақбота мен Жұлдыздың өмірі жайлы фильм таспалауға да болар. Атышулы арулардың қазіргі қарым-қатынастары мәз емес көрінеді. Мысалы, таяуда Айдарқұловпен заңды түрде некесін қиған Сейітмағамбет, құрбысын қуанышына шақырмаған. Әріптестердің сыйластығына сызат түскені рас па?!
Жұлдыз, Балжан және Ақбота! Бұл бұрымдылардың топта ән салған шағы, «Кешьюдің» 10 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Гелзбендте екі жылға жуық бірге өнер көрсеткен әнші қыздар, құрбы ретінде сырласпапты.
Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:
-Балжанмен мен «Кешьюде» уақытша өнер көрсеткен кезде көрістім. Одан кейін жоқ. Ал, Ботамен сол бастапқы күзде соңғы рет сөйлескен шығармын. Біз нөмерлерімізді ауыстырғалы оның нөмері жоқ.
Өмірғалидың бұл сөзін Балжан да растайды. Тағдыры ұқсас әріптестерімен жиі жүздеспесе де, оның Жұлдыз бен Ақботаға деген пейілі ақ!
Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:
-Жұлдыз болсын, Ақбота болсын негізінде түбінде жақсы қыздар. Мен оларды сыйлаймын, жақсы көремін. Ешқандай ренішім жоқ, қатты араласпасақ та.
Жақында ғана заңды некелерін қиған Дәурен мен Ақботаның қуанышында, «Кешьюдегі» экс-әріптестері бой көрсетпеген. Атышулы жұптың жеке өміріндегі жағымды жаңалықты, олар әлеуметтік желі арқылы біліпті.
Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:
-Көрдім мен инстаграмда болғанын. Бірақ, ерте алдын-ала білген жоқпын мен. Лайк басып қоямын. Мен сондай адаммын. Басқа біреуге комментарий жазғым келмейді. Жазу керек деген ой болмайды да. Сондықтан, Бота құттықаймын!
Қазіргі таңда Ақбота актрисалық қырын шыңдап жүрсе, Балжан «Кешьюдің» белді мүшесі. Ал, Жұлдыздың жеке шығармашылығы әзірге тоқтап тұр.