Диана Шарапова өзінің кезекті бейнебаянын таспалауда. Әнші, бұл жолы жастардың жүрегін жаулап алмақ. Тіпті, ол q-pop бағытында ән айтып, рэп оқуға да бел буыпты. Диананың тың туындысы жайлы кезекті сюжетті тамашалаңыз!
Диана Шарапова екінші рет ана атанғалы, өнер жолында бір жыл үзіліс жасады. Әнші, сахнаға жаңашылдықпен оралу үшін, ұзақ дайындалдым дейді.
Диана Шарапова, әнші:
-Қызым 1 жасқа толды, мен бұл уақытты көп күттім. Әнім «О, Марьям» деп аталады. Қарапайым әнге рэп қосып, жаңаша бағытта ұсынбақпыз.
Жаңа образ, ерекше стильмен тың туындыға бейнебаян таспалап жатқан Диана, заманауи ағымнан қалғысы келмейді. Жастардың жүрегін жаулап алам деген Шарапова, батылдық танытып, тіпті рэп оқуды да байқап көріпті.
Диана Шарапова, әнші:
-Мен ең алғаш рет рэп оқымақпын. Мамандар өз пікірін айтсын, сыннан да қорықпаймын. Тек, менің вокалым сол бұрынғыдай, соул жанрында қалады.
Сыни пікірден қорықпайтын әнші, шығармашылығына білек сыбана кірісіпті. Өнер иесі бейнебаяннан бөлек, жаңа альбом да жазып қойған. Ерекше жанрды байқап көрген Шараповаға, бұл тың тәжірбие болып отыр.
Диана Шарапова, әнші:
-Біз жаңа композитормен алты трек жаздық. Тек қазақша әндер болады. Ал, менің жаңа туындым, өзге ұлт өкілдерінінің де көңілінен шығады деп үміттенемін.
Диананың q-pop жанрына қосқан үлесіне, алдағы уақытта баға бере алатын боласыздар.