Корейлік BTS-тің жігіттері болса, бір басын екеу қылуға әзірге асықпайды! Есесіне, азиялық орындаушылар еуропалық әншілердің кейбірімен, жақын арада ортақ туынды жазып қалуы әбден мүмкін!
Торонто радиосына сұхбат берген Шон Мендес, корейліктермен бірге ән жазуды жоспарлап қойғанын айтып қалды. «BTS-тің кестесі тығыз. Сондықтан, әзірше ниетімді білдірмедім. Алайда, міндетті түрде ортақ трек жазамыз деп уәде беремін» - деді ол.
Әріптесімен салыстырғанда Ариана Гранде сөзге емес, бірден іске көшкенді жөн көріпті! Әншінің, адуынды рэпер Ники Минажбен бірлесе таспалаған туындысы жарық көрді.
«The light is coming» деп шырқаған дуэт, осымен 4-ші ортақ туындысын ұсынып отыр.
Ал, «Грэмми» марапатының жеңімпазы Алесся Кара, өнер шыңын жалғыз жүріп бағындырмақшы. 21-жастағы ару, «Growing Pains» трегіне жазылған су жаңа бейнебаянын ұсынды.