Айтпақшы, «Star of Asia – 2018» фестивалінде шет елдік әншілермен, бір сахнада өнер көрсеткен танымалдар тізімінде, Кәмшат Жолдыбаева да бар. Бірақ, бикештің шырқаған су жаңа әні көпшілікке жақпай қалған сыңайлы.
«Лайк баса бер»! Кәмшаттың репертуарын толықтырған тың трек, дәл осылай аталады. Бірақ, су жаңа әннің алғашқы тыңдармандары Жолдыбаеваға алғыс айтқаннан гөрі, айыптауға көшкен.
Кәмшаттың туындысын «Кешьюдің» көшірмесіне балаған көпшіліктің, сыны орынды. Өйткені, бикешке дәл осы тақырыпта ән жазу идеясын ұсынған, Баян Алагөзованың өзі. Мақамы ұқсас тректердің авторлары да бір адам екен.
Кәмшат Жолдыбаева, әнші:
-Бұл идея Баян Мақсатқызында туындады. Кейін оны жүзеге асырған Бағым Мақсатқызы. Бұл әннің авторлары Ербол деген «Алау» тобының жігіті және Бальер. Өздеріңіз білесіздер жақында «Кешью» тобымен ән шырқаған.
Жолдыбаеваның жаңа жұмысы желіге жүктелген сәтте, қазақ қызының корейлік әріптесінің әуеніне жиендік жасағаны да назардан тыс қалмады. Ал, «Лайк баса бер» атауын лайық деп тапқан атышулы Алтынай Жолдыбаева.
Кәмшат Жолдыбаева, әнші:
-Атауын тапқан менің сіңілім. Біздер басында ойладық, ішінде «дива» деген сөздер бар. Әннің атын «Дива» деп қоямыз ба деп. «Дива» тым қарапайым көрінді де, бүгінгі актуалды тақырыптардың бірі – лайк басу.
Иә, бүгінгі әндердің мәтінінде «лайк», «хайп» сөздері өріп жүр. Кезінде мұндай тіркесті Динара Сұлтан да қолданған. Өнер иесінің «Таста - insta» атты туындысы, талай мәрте сынға іліккен әлі есінде.
Динара Сұлтан, әнші:
-Критика әрине болды. Неге сен сол әнді айтасың, бірақ өзің инстаграмда отырасың деп... «Сүйіктілер бір-біріне назар аудармайды» - деген көп сөздер болғаннан кейін сол толқында «Таста инста» деген әнді шығардым.