Роналдудың кез-келген команда үшін бағалы ойыншы екені белгілі. Бірақ, ол салық төлеуші ретінде, бірнеше миллион қаржыны өз қалтасына салып алған заң бұзушы көрінеді. Танымал футболшы бұл қылығы үшін, 2 жыл бас бостандығынан да айрылуы мүмкін. Роналду мұндай әрекетке не себепті барды?
«Алтын доп» иегері - Роналду енді, 18 млн доллар көлемінде айыппұл төлеуі қажет. Себебі ол, өтеуі тиіс салықтың мөлшерінен 15 млн-дай қаржыны жымқырды деп айыпталуда. Бұл сомма - жұлдызды футболшының 2011-2014 жылдар аралғындағы Испания қазынасына берешек болған ақшасы екен. Дегенмен, өзге қылмыстық әрекеттерінің жоқтығының арқасында, Криштиануға сот үкімі кесілерде жеңілдік жасалған.
***
Ал, Николас Кейдж, Джейсон Стэтхем сынды танымал актерлар Қытайға ат басын бұрды. Олар Қытайдағы 21-ші Шанхай Халықаралық кино фестивалінің «Алтын кубок» жүлдесі үшін, өз картиналарын бәйгеге қоспақ. Ашылу салтанатына жиналған жұлдыздар, бір ай көлемінде 500-ге жуық фильмдерді тамашалай алады. Аталмыш шара, 24 шілдеге дейін жалғаспақ.