Әйелдер белдемшесін ерлерге неге кимеске? MTV Movie & TV Awards-та ерекше киімімен елді шулатқан Томми Дофман дәл осылай дейді. Әйгілі марапат тағы қандай қызықтарға толы болды? Тілшіміз біліп көрді.
Жыл сайын, дәстүрлі түрде табысталатын таңдаулы марапат, өнер жұлдыздарын Санта-Моникаға жинады. Қызыл кілемде алғашқы болып Ким Кардашьян бой түзеген еді. Әйгілі сәнқой, айтулы шараға анасы Крис Дженнерді ерте келіпті.
Кейбір өнер өкілдері, ет жақындарымен емес, жанына достарын ерте арнайы жолмен жүріп өтуді жөн көрген. Солардың бірі – Кристен Белл мен Элисон Бри.
Ал, MTV Movie & TV Awards-қа жиналған жұрттың назарына Томми Дорфман бірден ілікті. Танымалдылықа талпынған жас актер, айтулы салтанатқа әйелдер белдемшесін киіп келген еді. Алайда, серінің бұл қылығын меймандардың көбісі құп көрмегендей.
Көп ұзамай, көптен күткен марапаттың алғашқы жеңімпаздары да белгілі болды. Мәселен, Крис Прэтт замандастарының арасында «ең таңдаулы» атанып үлгерсе, «Қара қабылан» картинасы «ең үздік лента», ал Леди Гага туралы туынды деректі картиналар арасынан топ жарды.