«Star of Asia – 2018» талабы – жанды дауыста өнер көрсету!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көпшіліктің тағатын тауысқан «Star of Asia – 2018» фестивалі өз мәресіне жетті. Ал, әртістерге қойылған басты талап - жанды дауыста өнер көрсету. Жұлдыздар үкілеген үмітті ақтай алды ма? Алатау баурайында өткен ауқымды шоуға, Серікқазы Аязбаев шолу жасайды.

Жоба авторының жұлдыздарға қойған басты талабы – жанды дауыста ән салу. Фонограммадан ат тонын ала қашатын Дастан Оразбеков, отандық эстрада өкілдерінің дайындығын былайша бағамдайды.

Дастан Оразбеков, әнші:

-Жалпы 80 пайыз дайын деп ойлаймын. Өйткені көбісі белсендірек, жігерленіп ашылғысы келмейді. Әйтпесе айтуға мүмкіншіліктері бар. Бірақ сескене ме, әлде қорқыныш бар ма, неге екенін білмеймін.

Сескенудің өзіндік себебі де жоқ емес. Мәселен, Артур Төлепов үшін тірі дауыста ән салу - жан рахаты. Бірақ, тосыннан болған техникалық ақаулардың тығырыққа тірейтіні бар.

Артур Төлепов актер, әнші:

-Кейбір кездері концерттер болады. Мына дабыс жағынан келмей қалады. Немесе тағы бір техника жағынан келмей қалады. Ал былай біздің әншілер Құдайға шүкір, барлығы жанды дауыс десе бір бастарын ала қашқанын көрмеппін.

Бүгінде жанды дауыстағы жобалардың саны еселеніп келеді. Осы стандартқа сай болуда, кәсіби біліктіліктің қажет екенін, жұлдыздар жақсы біледі.

Серік Ибрагимов, әнші:

-Негізі шыныменде барлығы жанды дауыста айтуға тырысады. Жанды дауыста айтады және мен білетін көп әншілер қазір сабақ алып жатыр. Менің өзім де сабақ аламын вокалдан. Бұл нәрсе жайлап келе жатыр. Және барлығы жанды дауысқа өтіп кетсе, өте керемет болады ғой.

Концерттік бағдарламадағы әр ән, ерекше қойылымдармен көркемделген. Бұл кеште «Жаяуды» шырқаған Серік Ибрагимов сахнаға ұрлықшының образында, ал «Мунлайт» тобының жігіттері «самурайдың» кейпінде шықты.

«Moonlight» тобы:

- Біздің образ ол - кимоно! Өйткені біздің орындап шыққан әніміздің аты «Бұзық бала»! Ал, әрбір самурайдың қанында кішігірім бұзықтық болады. Сол себепті, бұл образ бізге өте қатты ұнады.

Ал, екі күнге созылған «Star of Asia – 2018» фестивалі 118 елге тікелей эфир арқылы таралды.