Star of Asia

Сообщить о проблеме с эфиром

Алматыда шетел және отандық өнерпаздардың басын қосқан, Star of Asia фестивалі өз мәресіне жетті! Музыка мерекесінде жұлдыздар ең бірінші, паппарацци алдында бой түзеп, кейін үлкен шоуға ат салысты. Олардың арасында, ерекше образдарымен таңқалдырғандары да бар. 

Мадина Дәулетқызы, тілші:

-Фестивальға алғашқы меймандар легі келіп жатыр. Ал, көптен күткен айтулы шараға жұлдыздар қалай дайындалды? Оны қызыл кілемде төбе көрсеткен танымалдардың өзінен сұрап көрейік.

Серік Ибрагимов, әнші:

– Қош келдіңіз!

– Қош болдық.

– Бүгін мен білуімше, өз әніңізді орындайсыз. Қандай?

– Жаяу әнін.

– Халық тыңдап, жаттап қалған?

-Иә. Менімен бірге қосылып айтады деп ойлаймын.

-Ал, бүгінгі шараға ұзақ дайындалдыңыз ба?

- Бұл енді, мен қызыл кілемге шықтым. Ал, сахнаға шығатын образым мүлде басқа болады. Қазір бәрін ашпай ақ қойын. Бір жерден ақшаны ұрлаған сияқты, ұрлықшының образы болады, қызық болады деп ойлаймын.

– Онда сіздің орындауыңызды асыға күтетін боламыз. Рахмет үлкен!

Зируза, әнші:

-Зируза, сіздің көйлек кигеніңізді күнде көре бермейміз. Өзіңіздің образыңыз жайлы айтып кетсеңіз.

- Бүгінгі образым Сабина Әлім және Жарқынай Рыскелдінің дизайны бойынша тігілген көйлек.

– Ал, бұдан былай, сізді көйлекте жиі көреміз бе?

-Мүмкін...

Сара Амангелді, әнші:

-Сара, көңіл-күйіңіз қалай?

– Өте керемет! Қобалжып тұрмын, бірінші рет болғаннан кейін.

– Өте әдемі болып тұрсыз, соған қарағанда образыңызды үлкен ыждахаттылықпен таңдаған сияқтысыз.

– Бірінші рет өмірімде өзімнің ойымнан, Аруназ дизайнер тікті. 4 күнде тігіп берген шығар. Рахмет айтам!

Қыдырәлі мен Қарақат, әнші:

-Алматыға қош келдіңіздер!

-Рахмет, рахмет!

– Бүгінгі шарға өте әдемі болып келіпсіз?

–Шынын айтқанда, біздің елде отандық дизайнер Бибисарадан 4 күнде тігілген костюм.

- Керемет! Ал, сіз?

– Біз енді әрқашан дайынбыз!