Роберт Паттинсонның жаңа образын көрермен қалай қабылдайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Сумеркидің» жұлдызы, арулардың сүйіктісі - Роберт Паттинсон «Бикеш» атты кезекті картинасын таныстырды. Тұсаукесерді төбе көрсеткен актер, режиссерлыққа бет бұруға дайын екендігін де айтып қалды. Бұл іс қолынан келер ме екен?!

Тұсаукесердің қызыл кілемінен табылған Роберт Паттинсонға, жанкүйерлері бірден лап қойды. Бірі актерден қолтаңба алуға асықса, екіншілері жұлдызбен суретке түсуге таласты. Өнерпаз, тек арнайы күзет қызметкерлерінің көмегімен ғана, қалың нөпір арасынан дін-аман суырылып шыққан еді.

Әйгілі «Сумерки» картинасының арқасында, талай нәзік жандының жүрегін жаулаған Эдвартқа, бұл жолы мүлде кереғар рөл бұйырған. Лентаның сюжеті бойынша, «Бикеш» атты жаңа вестерн-фильмде Роберт епсіз әрі икемсіз жігіттің образын сомдайды. Есесіне, серінің ғашығы - нағыз қайсар ару.

Роберт Паттисон, актер:

-Самуэльді ойдағыдай сомдау үшін, аздап күш салуға тура келді. Себебі, кейіпкерім көбінесе ашулы жүреді. Көңіл-күйін барынша шынайы жеткізуге тырыстым.

Сондай-ақ, Роберт Паттинсон режиссерлыққа бет бұруды да ойлап жүргендей. Керек болса, өзін жаңа қырынан да танытуға қарсы емес. Ал, «Бикеш» комедиясы маусымның 22-нен бастап, үлкен экрандарға жол тартпақ!