Леонардо ДиКаприо сүйіктісіне опасыздық жасап жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Леонардо Дикаприо жеке өмірінің қамымен жүр. Бірнеше айдан бері, Камилла Морронемен қарым-қатынаста жүрген актер, өзге арулармен де көңіл көтеруге уақыт тапқан. Бұл Леоның, тағы бір ғашықтық хикаясының аяқталғаны ма?

Сәнбикелерді жаны сүйетін ДиКаприоның аңсары, енді тележүргізуші сұлуларға ауған. Ол, Тиффани Хадиш есімді репортермен, бірнеше мәрте кездесуге барған екен. Тиффанидың айтуы бойынша, актер аруға қырыңдаған көрінеді. Ал, біраз уақыттан бері, Камилла Морронемен қарым-қатынаста жүрген Леоның, бұл қылығына табынушылары қатты ренжулі.

***

Актриса, әрі тележүргізуші - Эллен ДеДженерес, 15 жылдан кейін комедия жанрына қайтып келуге шешім қабылдады. Ол ең алғаш, 1980 жылдары әзілкеш кейіпкердің бірі ретінде, шығармашылығын бастаған еді. Енді, 60 жасқа келген өнер иесі, тамыз айында, АҚШ-тың түрлі аймақтарына кішігірім турне жасап, жастық шағын еске алмақ ниетте.

***

Америкалық актер, Джефф Голдблюм «Даңқ Аллеясында» өз жұлдызын еншіледі. «Юра дәуірінің әлемі», «Тор Рагнарек» картиналарының жұлдызына айналған Джеффтің қуанышынына ортақтасуға, ет жақындары жиналған.

Джефф Голдблюм, актер:

-Мен үшін бұл күн ерекше. Менің жұлдызым жанды, осыған әлі сене алар емеспін.

65-ке келген өнер иесі, шығармашылық жолында басы-қасы қырыққа жуық картинада төбе көрсетіпті.