Төрткүл дүниені елеңдеткен, Футболдан әлем біріншілігі де басталды! Жаһандық мундиальдың беташар ойынында, Ресей құрамасы өз алаңында Сауд Арабиясын, 5:0 есебімен оңдырмай ұтқан еді. Бұл алдағы сенсациялардың бергі жағы ғана секілді. Ал, чемпиондықтан басты үміткерлер кім?!
Ресейлік «Чайф» тобы орындайтын бұл туындыға тура жиырма жыл толса да, ән мәтінінің маңызы жоғалмаған. Өнер ұжымының жерлестері, әлем чемпионатының алғашқы матчында Сауд Арабиясын 5:0 етіп тізе бүктірді.
Жаһандық біріншіліктер тарихындағы беташар ойындағы мұндай ірі есеп, осыдан 64 жыл бұрын тіркеліпті. Орыс футболшыларының қарқыны қатты! Дегенмен, «А» тобында олардан өзге Луис Суарес пен Мохамед Салах бастаған, Уругвай және Мысыр құрамасы бар. Шын бәсеке әлі де алда!
Мәскеудің 80 мыңнан астам жанкүйер сыятын «Лужники» стадионындағы, әлем чемпионатының бұл ашулы салтанатында ине шаншар орын болған жоқ. Салтанатты спорт шарасын тамашалаған мәртебелі меймандар қатарында, біздің Елбасы мен Геннадий Головкин де болды. 8 топқа бөлінген 32 команданың ішіндегі өзара тартыс, 15-ші шілдеге дейін қыза түспек. Ең басты бес фовориттің қатарына: Бразилия, Германия, Испания, Франция, Аргентина құрамалары кіріп отыр. Талай мықтыны жолда сүріндіріп, сенсация жасайтын командалардың да болатынын ұмытпаңыз.
Ресейдің 11 қаласындағы, 12 стадионда матчтары өтетін әлем чемпионатына, қазір күллі әлемнің аңсары ауып отыр. Дүниенің әр түкпірінен ағылған милиондаған саяхатшы-жанкүйерлер, бұл футбол жәрмеңкесін ажарландыра түскен. Көрші мемлекет, осы жаһандық мундиальды ұйымдастыруға 500 млн доллар жұмсаған екен. Аталмыш спорт сайысы, ФИФА-ның қоржынына 6 млрд доллар кіріс әкеледі деп күтілуде. Ендеше, аяқдоп аламанынан шет қалмаңыз!