Ал, кіші Жолдыбаеваның кеңесі Қайрат Нұртас пен Жания Джуринскаяның кәдесіне жарап қалар. Себебі, өнер иелері дәл қазір теңіз жағалауында күнге қыздырынып, уақыттарын барынша көңілді өткізуде.
Сая Оразғалиева құрбысы Жания мен атұстары Радмирды ертіп, Қызыл теңіз жағалауына аттанған. Арулар демалыс үшін, Мысыр елінің Хургада қаласын қолайлы санаған көрінеді. Маусымның аптап ыстығынан, тек осылай қашып құтылдық дейді олар.
Жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, таяуда тағы бір тың туындысымен елді шулатқан Қайрат Нұртас та, өзіне демалыс жариялаған еді. Хитмен орындаушы дәл қазір, отбасымен Түркия жағажайларының бірінде күнге қыздырынып жатыр. Шетелдегі бұл саяхат, әншінің ұл-қыздарына да жағып жатқандай.
Өткенде Қытайда демаламын деп, ғалматорға жете алмай, ауыз күйген Мәдина Сәдуақасова да түрік елін таңдапты. Алайда, өнерпаздың жанынан жолдасы көрінбейді. Есесіне, Мәдина көптен күткен сапарға ата-анасын ала барған. Әншінің айтуынша, саяхат оның ет жақындарына жасаған сыйлығы екен.