Анджелина Джоли болса, өзінің экс-жұбайы Брэд Питтпен ресми түрде әлі ажыраспаған. Жұлдызды жұп, ортақ балаларын бөлісе алмай дал. Тіпті, түсірілімдерден қолы босамайтын актрисаға, бүлдіршіндерімен кездесуге тыйым салыныпты. Себебі, Брэдтің берген рұқсаты жоқ.
Анджелина Джоли «Малефисента» картинасының екінші бөлімінің түсірілімі үшін, Лондон қаласына бірнеше айға қоныс аударған. Ал балалары, экс-жұбайы Брэдтің қолында екен. Енді, аналарымен араласуға тыйым салған Брэд, баршы ұл-қызының қамқорлығын толықтай өз қолына алуды көздеп жүр. Себебі, актер, Анджелинаның жеткіншектерге уақыт бөле алмағанына қатты қапалы көрінеді.
Талай қыздың арманына айналған жас музыкант - Ник Джонас, өзінің нағыз махабатын кездестірген. Ол, актриса Приянка Чопрамен бірнеше айдан бері, қарым-қатынаста көрінеді. Тіпті, сүйіктісін ата-анасымен де таныстырып қойыпты. Енді, ғашықтардың алдағы уақытта сөз байласуы да ғажап емес.
Зейн Малик те, қайта қосылған сүйіктісі Джиджимен бақытты секілді. Әнші жігіт, қазір келешек енесінің үйінде еркелеп дем алып жатқан көрінеді. Ол ғашығының анасының Иолан қаласындағы, шағын фермасына арнайы, танысу үшін келіпті. Жас жұптың бұл тынығуы мен саяхаты жанкүйерлеріне де ұнауда. Енді, табынушылары олардың үйлену тойын күтеді!