Әйгілі «Томас және достары!» мультфильмі көремендерін қайта қуантпақ. Анимациялық туындыда, отарба Тузды дыбыстау – әнші Питер Андреге бұйырыпты.
Осыдан 70 жыл бұрын, балалардың сүйікті мультфильміне айналған лентаның, енді көрерменге толықметражды нұсқасы, үлкен экрандарда көрсетілмек. Анимациялық туындыға, австралиялық музыкант Питер Андренің дауысы таңдалған.
Питер Андре, әнші:
-Мен сомдайтын кейіпкердің образына ену үшін, мен оны сезінуім керек. Ол мен секілді еркіндікті жаны сүйеді. Бұл өте тамаша сезім!
Мультфильмде, Оңтүстік Америка, Африка және Қытай елдеріне аттанатын басты кейіпкер - отарба, өз достарымен сан қызықты оқиғаны бастан кешеді.
Жоба авторлары картинаны, әлемнің 50 тілінде таратуды жоспарлап отыр. Аталмыш туынды, 2018 жылдың күзінде жарық көрмек!