Аружан Жазылбекова мен Нұрлан Әлімжанға Моңғол елінің тарихи фильмінде, басты кейіпкерлерді сомдау бұйырды. «Тұлпар» тарихи картинасы, таяу күндері таспаға түсуге де әзір.
Моңғол режиссеры – Ганболд Эрдэнэбилэгтің туындысы, адам мен жылқы тұқымының арасындағы достықты баяндамақ. Жоба арқылы авторлар, Азия елдерінің мәдениеті мен тамаша табиғатын әлемге таныстырмақ екен. Фильм, 70 мемлекетте көрсетіледі деп жоспарлануда.
Кинолентаны, Голливудтық «Three Flames Pictures» компаниясы қолға алған. Моңғолиядан бөлек, АҚШ та қаржылай көмек көрсетуге келіскен. Ал, Аружан мен Нұрлан, Ұлан-Батыр қаласындағы түсірілім алаңына, аттануға дайындық үстінде.