Тәуекел Мүсілім мен Жанар Дұғалованың махаббат хикаясы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуекел мен Жанардың аймаласқан дәл осы видеосы, кезінде талай талқыға түскен еді. Бейнебаянда ғашықтардың образын сомдаған сері мен сылқымның, махаббат хикаясы алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Бұл жайында Дұғалованың өз айтып берді...

Жанар бір жылдық үзілістен кейін шығармашылықты қайта қолға алды. Туындының санына емес, сапасына зер салатын Дұғалова дәл қазіргі таңда кезекті клипін түсіру үстінде. Ән «Сүйем – Жек көрем» деп аталады.

Жанар Дұғалова, әнші:

-Бұл ән шын махаббат жайында. Біз теледидардан, фильмдерден көретін махаббат сияқты емес. Бұл ән әр адамның өмірінде болған шынайы, мұңға да, қуанышқа да, көз жасына да, депрессияға толы махаббат туралы.

Бейнебаянды сирек таспалайтын сылқымның тың туындысы, құдды бір қысқа метрлі фильм іспеттес. Жаңа видеоның сюжетіне бір картинада басты рөлді сомдаған ғашықтардың өмірі арқау болған. Бұл жолы Жанардың сүйіктісін тағы да Тәуекел Мүсілім сомдайды екен.

Жанар Дұғалова, әнші:

-Тәуекелмен мен бірнеше рет ойнадым. Бір түсірілім алаңында талай рет кездестік. Актер ретінде, адам ретінде өте ұнайды маған Тәуекел. Және де оның алдында түсірілген клиптің, жалғасы деп санасаңыздар да болады.

Алғашқысы «Ала кетпедің», екінші бөлім «Сүйем – жек көрем»! Егер әріптестердің серіктестігі сәтті болса, туындылар тізбегін трилогиямен түйіндемек. «Бірақ, Тәуекелдің талап еткен қаламақысын, менің қалтам көтерсе» - деп әзілдейді Дұғалова.

Жанар Дұғалова, әнші:

-Білмеймін оны! Ол енді Тәуекелдің гонарарына байланысты. Жоқ, ол мені дос ретінде қолдады.

Тректің сазы мен сөзін жазған Жанардың өзі. Ал, жұртты қызықтырған кейіпкер-жұптың бірлескен жаңа туындысы, бір айдың көлемінде жарыққа шығады.