Джонни Депп «Ғажайып құбыжықтар» картинасының сиквелінде Грин-де Вальтты сомдамақ болған. Бірақ, «The Sun» журналы әйелін ұрып-соққан актерды, бұл рөлге лайықты емес деп шешкен-ді. Өзіне тағылған айыптан құтылу үшін Джонни, сотқа қарсы шағым да түсірген.
Енді, «The Sun» журналының үстінен жазған арызын қайтарып алу үшін, Джонни Депп редакция ұжымынан 200 мың АҚШ долларын талап етіп отыр. Себебі, актерге тағылған айып, оның мансабына кері әсерін тигізеді екен. Оның үстіне, экс-жұбайы Эмбер Хердпен, болған оқиға баяғыда өз шешімін тапқан дейді Депп.
Уилл Смит, ұлының бейәдеп қылығымен алысып әлек. Актердің атұстары, қыздардың белдемшесін киюді ұнататын көрінеді. Алайда, әкесі Джейденнің қылығын құптамаса да, анасы Джада бозбаланы қолдайды екен. Енді, Смиттің жұбайы ұлымызға еркіндік беруіміз керек деп, Голливуд жұлдызын сабырға шақыруда.
Ариане Гранде, махаббатқа мас күйде! Әнші қыз, Пит Дэвидсон есімді тележүргізушімен сөз байласып қойыпты. Бұл жаңалықты жұлдыздың жақындары сүйіншіледі. Еске салсақ ару, күні кеше экс-сүйіктісі, Мак Миллермен қош айтысқан еді.