Алтынай Жолдыбаева жағажайға жиналды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алтынай Жолдыбаева да, уақыты болса анасының жанында дем алғанды жөн көреді. Туған жерінен тысқа шықса, әнші қыз - шет елдік курорттық нысандар мен жағажайлардың жұлдызы. «Джейран» тобының мүшесі, кезекті демалысына қандай образдарды таңдап қойды?!

Алтынай Жолдыбаева, тартымды көрінуді біледі. Себебі, әнші қыз түрлі киіну үрдісін ұстанып, өзіне тәжірбие жасаудан да қорықпайды. Сәнқой сылқым, жақында жағажайға жолы түссе, қандай образдарды таңдайтынын тәпіштеп түсіндірген де еді.

Алтынай Жолдыбаева, «Джейран» тобының әншісі:

-Қазіргі кездерде жабық купальниктер де сәнде, және де, мынандай ашық купальниктерде сәнде. Басты айтып кететін жайт, ол қазіргі кезде, Мэрлин Монроның киген купальниктері.

Кіші Жолдыбаева, ел назарында жүрген соң, сұлу көріну міндетті дейді. Әнші,

өз-өзін күтудің қыр-сырын меңгеріп те алған. Тек қана киім үлгісіне ғана емес, тәнге де көңіл бөлу керек екенін айтады.

Алтынай Жолдыбаева, «Джейран» тобының әншісі:

-Бетке күтім өте қатты керек өйткені, күн сәулесі соншалықты ыстық. Оны нәрлендіріп тұру керек. Күннен қорғайтын кремдер, жағып тұру керек. Ол тек қана әйел адамдарға ғана емес, ер адамдарға, өздеріне сондай күтім жасағаны дұрыс.

Ал, жаз шықса демалысқа аттануды асығатын жандардың бірі - Алтынай. Өнер иесі, шетел асып тынығу өз алдына, бірақ туған жерге ештеңе жетпейді дейді.

Алтынай Жолдыбаева, «Джейран» тобының әншісі:

-Шыны керек біздің Қазақстанымызда да, демалатын өте әдемі орындар көп. Кәрі Каспийдің жағасына, өзім мүмкіндік болса, қазір-ақ ұшып кетіп, демалушы едім. Өйткені ол үлкен демалыс сыйлайды. Қазақстанның курроттық жерлері, шетелдік курорттық жерлерінен ешқандайда кем емес.