Алғашқыда әріптес, сәлден соң махаббат! Зирузаның шығармашылығындағы жаңалық, жеке өміріне де өзгеріс әкелген сыңайлы. Арудың соңғы клипін тамашалағандар, дәл осылай жорамал жасауда. Табынушыларының тағатын тауысқан сұрақтарға, әнші фан-митингте жауап берді.
Бұл бас қосу - Зирузаның Алматыда ұйымдастырған екінші фан-митингі. Жанкүйерлерін жанына жиған әнші қыз, табынушылары жаңбырша жаудырған сұрақтарға жауап беруде тосылып қалған жоқ. Бір қызығы, осы уақытқа дейін жеке өмірі жайлы жақ ашпайтын сұлу, бұл жолы алғашқы махаббатының «Найнти уандық» Вала болғанын мойындады.
Десек те, Данияр Құлымшинмен арадағы қарым-қатынасы әлдеқашан үзілген. Зирузаны соңғы кездері «Қиын/оңай» клипіндегі басы кейіпкермен де жанкүйерлері жұптастырып жүр. Ол Әсет Ашмақын есімді биші жігіт.
Ziruza, әнші:
-Біз әріптеспіз. Біз бірге жұмыс жасаймыз. Сол себепті ешқандай махаббат, ара-қатынас деген жоқ. Бірақ, солай ойлап жатыр, бейнебаяннан кейін әрине солай айтады.
Кумирімен жүздесуге келген қыз-жігіттердің басым бөлігін, оның шығармашылығынан гөрі, жеке басы қызықтыратын болып шықты.
-«Лойалздардың» көбісін Зирузаның жеке өмірі қызықтырады.
-Жігіттері қызықтырады. Мысалы, өзімде болғым келеді жігіті.
Фанаттарының тілегі де тегін емес! Өйткені, Зируза ақыл тоқтатқан, 21 жаста. Ал, арудың продюсері әнші қыз сүйіктісін жолықтырса, рұқсатын бермек!
Ерлан Әлімов, продюсер:
-Контракті бойынша тұрмыс құруға болмайды. Егер, бірнеше жылдан кейін жұмысымыз жақсы нәтижемен жалғасатын болса, егер тұрмыс құрамын деген ойы болатын болса, жоқ дей алмаймын мен. Адамбыз ғой біріншіден!
Айтпақшы, Зируза жанкүйерлерімен жүздесуде су жаңа клипінің тұсауын кесті. «Кеш» деп аталатын видеода баянсыз махаббат суреттелген. Тың туынды әншінің «Қиын/оңай» атты бейнебаянының жалғасы екен. Алдағы уақытта трилогия түсіруді жоспарлап отыр.