12 жыл ешкімге дес бермеген Головкин, чемпиондық атағымен қоштасуға мәжбүр болды. Бұл сөздер қазақстандық бокс сүйер қауым үшін, сенсация болып естілгенімен ақиқаты осы. Тіпті, Геннадий өзіне тиесілі болған IBF-тың белбеуін де кері қайтарған.
Чемпиондық тұғырын 9 жыл қатарынан, 20 жекпе-жек бойы абыроймен қорғап келе жатқан Головкиндей орта салмақтың өкілі некен-саяқ! Бокс тарихындағы үздіктің бірі екеніне – оның зор дережесі, шеберлігі мен миллиондаған жанкүйері дәлел! Соңғы айқасында Мартиросянды нокаутпен ұтқан соң, Головкин IBF тарапынан белбеуге үміткер Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға міндеттеледі. Ол 3-ші тамызға дейін украиндық боксшымен жекпе-жек жайлы келісуі тиіс еді.
Геннадий, қыркүйек айында Альвареспен кездесу жайлы келіссөз жүргізіп жатқандықтан, IBF тұжырымына талабын екінші рет кейінге шегеруді сұрайды. Бұған дейін, GGG Ванеспен ринге шықпас бұрын, IBF титулын сақтап қалу үшін 20 мың АҚШ долларын төлеген болатын. Дегенмен, аталмыш ұйым 2015 жылдан бері Голвкинге тиесілі чемпиондық белбеуді тартып алды!
Головкин IBF-тың белбеуінен айырылып, бұл тұжырымның рейтингінен де түсіп қалса да, абыройына еш нұқсан келмегені анық. Ізін ала Геннадий, әйгілі The Ring журналының «салмақ дәрежесінен тыс үздік боксшыға» берілетін чемпиондық белдігін тағынды. Оның командасы қазір «Канело» тарапымен келіссөздерді жандандырып, қарымта айқасты ұйымдастыруға қызу кіріскен!