Аша мен Арман отандық туризм өкілдеріне өкпелі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шетелдегі әріптестеріне қарағанда, Арман Қоңырбаев пен Аша Матай шығармашылығын уақытша ысырып қойған. Енді, жас отбасы жүгін жинап, кезекті саяхатқа аттанбақ. Жұлдыздар, қай елде демалуды жөн санайды? Жауабын тілшіміз біліп көрді.

Шетелге шығып, бір емес екі бірдей бейнебаян таспалап келген Дана Кентай, саяхат дегенге әбден дәндеп алғандай. Шығармашылығымнан қолым қалт етсе, жолжүгімді асыға жинауға әзірмін дейді ол.

Дана Кентай, әнші:

-Мен тағы да Тайландқа барғым келіп кетті. Өйткені маған қатты ұнады шыны керек. Адамдары, өте жылы, жарқын, сондай жақсы.

Жұмыс бабымен сапарлата жүріп, демалысқа уақыт табатындар қатарында әнші Абай да бар. Сондықтан сері, туған жерінде жиі тынығуды жөн көреді.

Ochooou, әнші:

-Мен жұмыс істеп, демалып жүре беретін адаммын. Негізі менің басым босаса болды, қолым босаса болды ,туған жерім - Талдықорғанға тартып кететін әдетім бар.

Жұлдызды жұп Арман мен Аша да Қазақстандағы демалысты қолдайды. Бірақ, отбасынының отандық туризм өкілдеріне деген реніші басым.

Арман Қоңырбаев, әнші:

-Әрине біз өз елімізде демалығымыз келеді. Бірақ бағасы өте қымбат. Ол бағаға Түркия еліне немесе Дубайға барған арзан.

Ал, Ұшқын Жамалбек тынығуға аттанса, өз рақаты үшін қалтаға мүлде қарамайды екен. Оның басты ұраны – жанға жайлы жақсы жерді таба білу.

Ұшқын Жамалбек, әнші:

-Египетке барғым келеді, көргім келеді. Барғанда демалып, бір жағынан мен енді тыныш жүрмеймін ғой, бір жерге демалсам да әйтеуір студияға барып, не болып жатыр сол жақтан көріп келгім келеді, құр демалып барғанша.

Сондықтан, болашақта Ұшқын Жамалбек мысырлық әншімен дуэт жазып жатса, еш таңқалмаңыз!