Латын музыкасының патшасы - Энрике Иглесиас Тель-Авивке табан тіреді. Күні кеше «Билборд» марапатының «Үздік концерттік турне» жүлдесін жеңіп алған ол, кезекті кешін өткізуге келген еді.
Ашық аспан астында өткен шарада, жан-жақтан жиналған жанкүйерлердің көптігінен, ине шаншыр орын жоқ. Ал, әншінің өзі бұл құбылысқа дән риза.
Энрике Иглесиас, әнші:
-2000-шы жылдардың басында әлемдік музыкада Рики Мартин есімі пайда болды. Содан, бері тыңдарманның латын музыкасына деген қызығушылығы, күн санап арта түсуде. Мен үшін қуанарлық жайт.
Қырықтың қырқасына шыққан Иглесиас осы жасқа дейін ән сапарлатып жүрем деп, ойламағанын жасырмады. Алайда, Энрике мұнымен тоқтамақ емес. Алдағы үш жылда әлі де талай туындыларын ұсынып, бармаған жерлеріне ат басын бұрмақ ниетте.