Кайли Миноуг 50 жасқа толған тойында, өз меймандарын жаңа сүйіктісімен таныстырды. Поп-жұлдыздың көңіл жарастырып жүрген ғашығы - өзінен әлдеқайда жас деседі. Ал, мұндай жаңалыққа жұлдыздың жақындары неліктен үзілді-кесілді қарсы болып отыр?
50 жасқа келген Кайли Миноуг, әлі де тұрмысқа шықпаған. Алайда әнші өмірлік серігін іздеуден жалыққан емес. Күні кеше мерейтойын атап өткен Кайли, жақындарын жаңа ғашығымен таныстырды. Бикеш, британдық «GQ» журналының директоры Пол Соломонсомен бірнеше айдан бері көңіл жарастырып жүр екен. Енді, жасым келді деген Кайли, қалыңдық атанар күнін тағатсыздана күтіп жүр.
***
Гарри Поттер фильмімен танылған Мэттью Льюис, 28 жасында отау құрды. Актер өзінің сүйіктісі Анджеле Джонспен, 2016 жылы сөз байласқан болатын. Арада 2 жылдан кейін үйленуге шешім қабылдаған жұп, тойларын Италияда атап өткен. Поттериандардың кумиріне айналған Мэттью, ең алғаш болып, куанышты жаңалығын, сол табынушалырамен бөліскен.
***
Ал, Юэн МакГрегор өзі басты кейіпкердің образын сомдайтын, «Кристофер Робин» картинасының жаңа трейлерін ұсынды. Отбасылық мюзиклде, актер әлемге танылған конжық Виннимен жұпткасып ойнамақ. Фильмде, Юэн мен сенімді серігіне айналған аюдың, балалық шақтағы достарын іздеу жолындағы бастан кешкен хикаялары суреттелген. Диснейлік туынды, 2-ші тамыздан бастап үлкен экрандарда көрсетілмек.