Көпшілік тағатсыздана күткен «Хан Соло.Жұлдызды шайқас. Шежіре» картинасының алғашқы пайдасы, жоба авторларының үмітін ақтамаған сыңайлы.
Бұл туынды – әйгілі киносаганың толықметрлі екінші спин-оффы. Лентаға Рон Ховард режисерлік еткен. Картина жаһандық тұсаукесерінен соң, небәрі 83 млн доллар ғана табыс тапқан екен. Мысалы, «Жұлдызды шайқас: Соңғы Джедай» фильмі өз уақытында, бірден 220 млн доллар жинаған болатын.
Фильмнің мұндай көрсеткіші – бәсекелестікте. Марвелдің «Дэдпул-2» және «Кек алушылар: Ақырғы шайқас» сынды картиналармен қатар көрсетілуінде. Ал, Хан Соло мен Чубакканың хикаясы, көрерменді жалықтырмайды деп сенген туынды авторлары, жобаға жұмсалған қаражат өзін ақтап аларына үміттері мол.