«Найнти уандық» жігіттер жақын арада, Лос-Анджелеске ат басын бұрса еш таңқалмаңыз! Алматыға табан тіреген әйгілі рэпер Майк Джи, мемберлердің өнеріне тәнті болып, оларды АҚШ-қа шақырды.
Майк Джи - хип-хоп бағытындағы ерек әндерімен, етене танылған АҚШ-тың Odd Future тобының мүшесі. Рэпер, «Қара бері» жобасына әділқазылар мүшесі ретінде, Қазақстанға арнайы шақыртылған болатын.
Майк Джи, рэп орындаушы(АҚШ):
-Қазақстандағы дарынды жандардың көптігі мені таңқалдырды. Сондықтан, «Қара бері» -де қазы ретінде шешім қабылдау қиын болды. 14 адамның ішінен тек 6 адамды іріктеп алуға тура келді.
«Қазақ тілін түсінбесем де, үміткерлерге лайықты баған бере алдым. Себебі, музыка – әлемді байланыстыратын ортақ тіл» - дейді Майк. Ал, қазақ жастарының өнеріне тәнті болған рэперді, әсіресе "Найнти уанның" жігіттері таңырқатқан көрінеді.
Майк Джи, рэп орындаушы(АҚШ):
«Найнти уанның» екі мемберімен жұмыс істедік. Жігіттер маған қатты ұнады. Жалпы, топ жайлы айтар болсам, Найнти уан жеке, өзіндік даралығы қалыптасқан ұжым. Өз бағытын біледі, және бұл өте маңызды.
Сондай-ақ Майк Джи, «Найнти уандықтарға» Лос-Анджелеске келуге кеңес береді.
Майк Джи, рэп орындаушы(АҚШ):
-Лос-Анджелес әрбір дарынды жанға жол ашатын қала. Сондықтан, «Найнти уанды» АҚШ-қа шақырамын. Келе қалған жағдайда, құшақ жая қарсы алуға дайынмын.
Мүмкіндік туса Лос-Анджелестік рэпер, мемберлермен ортақ туынды жазуға да қарсы емес. «Жоспар жетерлік, тек барлығы келешек еншісінде» - дейді Майк.