«Әдетте, әншілер бағалы брендтерді таңдап, тыпсырыспен тігілген киімді ғана киеді» - деп ойлайтын көпшілік. Бұл жолы жұлдыздар, қарапайым халықтың санасына сіңген стереотипті бұзды. Сән жәрмеңкесінде саудаласып, тіпті тауардың құнын түсіруді талап еткен танымалдар да бар!
«Almaty Pop up Stor» - оңтүстік астанамыздағы ең ауқымды сән жәрмеңкесі. Ашық аспан астында ұйымдастырылған шарада дизайнерлердің топтамалары қолжетімді бағамен сатылымға шығарылған. Алайда, бұл жаңалық жұлдыздардың құлағына майдай жақса керекті. Олар бренд киімдерді қалаған сомада алу үшін, сауда алаңына қарай ағылды.
Сән жәрмеңкесіне желдей ұшып жеткендердің бірі - Данияр Өтеген. Риголық әнші, модель әрі дизайнер Ая Шалқар ұсынған су жаңа топтаманың алғашқы тұтынушысы.
Данияр Өтеген, «Rin’Go» тобының әншісі:
-Аралас коллекцияның бірі. Ерлерге және қыздарға арналған. Соның мен алғашқы клиенттерінің бірі болғым келеді. Сондықтан, осы футболканы және де басқа да киімдерін киіп көретін боламын.
Сондай-ақ, бұл шараға «Асылдық» арулар да асыға келгендерін айтады. Шет елдіктердің саудаласу тәсілін мықтап меңгерген сылқымдар, қол жетімді бағаға бірнеше киімді сатып алған.
Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:
-Біз байқағандай, шет елде саудаласқан клиентті жақсы көреді. Оларды сауда әдебін білетін адамдар деп есептейді. Бізде ондай түсінік қалыптаспаған. Бірақ зат ұнаса саудаласып, жеңілдік жасаймыз дегендей бізде де ұсыныстар болады әрине. «Pop up store» жобасының жетекшісі - Аян Бірбаев, саудаласуда алдына жан салмайтын көрінеді. Тіпті, қалаған киімін қалтасына қолайлы бағада алудың хас шебері болып шықты.
Аян Бірбаев, «Rin’Go» тобының әншісі:
-Мен 500 теңге үшін де саудаласамын. Неге екенін білмеймін... Ал 3500 дейді. Мен айтым 3-ке бере салшы досым-ау, алып кетейін деймін. Ол 3300 дейді. Осындай қарым-қатынаста болу мен үшін қызықты. Сондықтан мен әрқашан да саудаласамын.
Отандық жұлдыздардың қызығушылығын оятқан жәрмеңке, алдағы уақытта да жалғасын таппақ!