Бүгін еліміздің барша мектептерінде соңғы қоңыраудың сыңғырлаған үні естілді. Шәкірттен үшін айтулы күнде, отандық өнерпаздар партадағы оқушы шағын сағына есіне түсірді. Мәселен, әнші Кентал кезінде үлгілі бала болмағаны үшін, әлі де өкініп жүр екен.
Танымал сәнқой Айдай Исаева, кезінде озат оқушылар қатарынан табылған. Арудың үздік атануына, анасының қатал талабы себеп болған көрінеді.
Айдай Исаева, сәнқой:
-Ол кісі маған айтатын, қызым сен менің атыма кір келтірме. Сабағыңды әрқашан жақсы оқып жүр. Сабағыңды оқымасаң, биге бармайсың деп қорқытатын.
Ал, Мәдина Сәдуақасова қорыққандығымнан емес, білімге құштарлығымнан беске оқыдым деп мақтанлды.
Мәдина Сәдақасова, әнші:
-Менің сүйікті пәнім ол жағрафия болатын. Сұмдық болатын, тағы қандай мемлекетті көрсетеді екен. Тағы қандай жерді. Мұхиттар, вулкандар, басқа жерлер мен үшін қызық.
Кентал болса күнделігіне қойылған жақсы бағаларымен мақтана аламайды.
Кентал, әнші:
-Мектепте мен бұзық оқушы болдым. Сабақты 4-ке оқыдым, 5-ке деп айта алмаймын.
Әнші жігіт кезінде озат оқымағаны үшін әлі де өкінеді. Сондықтан, іні-қарындастарына айтары бар.
Кентал, әнші:
-Сабақтарыңды оқыңдар түсіндіңдер ма!