Димаштың фан-клубына Халық әртісі мүшелікке кірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Димашты әлем тани бастағалы, қазақ баласына сүйсінетін жанкүйлерлердің көбеюі заңдылық. Күні кеше 24 жасқа толған әншінің туған күнінде, табынушыларының қатары танымал тұлғамен толықты. Бұл жолы фан-клубтың мүшесі атанған - Қазақстанның Халық әртісі.

Димаш әр жанкүйерінің жанынан табылмаса да, оның адал фанаттары туған күнін атаусыз қалдырмайды. Былтыр, сүйікті кумирінің меншікті мерекесін қыз-бозбала тойласа, осы жылы табынушылар тізімін егде жастағылар толықтырған. Олардың қатарында, талай таланттың жұлдызын жаққан - әнші Лаки Кесоглу да бар.

Лаки Кесоглу, ҚР Халық әртісі:

- Димаш аздаған уақыт ішінде, миллиардтаған жүректерді жаулап үлгерді. Оның ерекше вокалдық қабілетіне де сөз жоқ! Мен оны осы уақытқа дейін де, қолдап келгенмін. Бүгін мені фан-клуб мүшелерінің қатарына қосып жатыр. Алдағы уақытта да, талантты ұлға тілекшімін.

Ал, мына кейуана Жаңа-Зеландиядан Алматыға арнайы ат терлетіп келген. Димаштың шығармашылығымен ғаламтор арқылы танысқан Рай есімді жанкүйер, қазақ баласының туған жерін бір көруді мақсат тұтыпты!

Рай Уорд, Д. Құдайбергеннің фанаты (Жаңа-Зеландия):

-Сәлем, Қазақстан! Мен Димашты жақсы көремін! Димаштың өнері мені бірден баурап алды. Ол туралы көптеген ақпараттарды оқыдым. Ата-әжесінің тәрбиесіне сусындап өскен баланың, кішіпейілдігіне тәнті болдым.

Димаш, 24-ші туған күнін Елордада қарсы алды. Жұмысы тығыз кестеге түзілген әнші, таяу күндері туған жері Ақтөбеге аттанбақ.