Лидо, Әсел Сағатов сынды сән қуған сылқымдар, Сәкен Жақсыбаевтың көрсетілімінен табылды. Алайда, тың топтаманы тамашалауға келген арулар, үйге терең ойдың құшағында қайтты. Себебі дизайнер, бұл жолы үлгілерін философиямен байланыстырған.
Шабытты саяхаттан іздеп, топтамасын шет елдегі сапармен байланыстыратын сәнгер, бұл жолы философияға ден қойған. Жасым келді деді ме, әйтеуір Сәкен меймандарды уақыттың қадірін түсінуге шақырды.
Сәкен Жақсыбаев, дизайнер:
-Уақыт – ең құнды байлықтарымыздың бірі. Сондықтан да, бұл жолы топтамамды уақыт тақырыбына арнадым. Жақындарымызбен, жақсылықта өткен әрбір сәтімізді бағалай білейік.
Тіпті, дизайнер көрсетілімге Алла Пугачева мен Backstreet Boys-дың ескі әуендерін таңдапты.Әдетте жаңашылдыққа жаны құмар Жақсыбаевтың, бұл идеясын қонақтар да қолдады.
Әсел Сағатова, актриса:
-Бүгінгіні тек сән көрстелімі деуге аузым бармайды. Нағыз театрландырылған шоу. Декорациялары да ерекше. Маған қатты ұнады.
Көптен бері тың туындыларын таныстырмаған дизайнердің дүниелерін, сәнқойлар да сағынса керек, көрсетілім біте сала, жаңа топтама таралып кетті.
Әсел Садуақасова, актриса:
-Образдар көңілімнен шықты, арасынан 4-5 еуін өзіме таңдап алдым. Негізі, Сәкеннің қолыннан шыққан дүниелер менде жетерлік. Тіпті, гардеробымда тек соның киімдеріне арналған, арнайы орын да бар.
Саяхаттауды сүйетін арулардың қажетін қанағаттандырған сәнгер мұнымен тоқтамақ емес. Жақсыбаев қазірден бастап, кезекті топтамасының тақырыбын таңдауға кіріскен.